«БІЛІМДІ ҰРПАҚ- КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ» атты ректор кубогы үшін республикалық турнирі болып өтті

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен университет жанынан құралған «РИТОРИКА» пікірсайыс клубының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «БІЛІМДІ ҰРПАҚ- КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ» атты РЕКТОР КУБОГЫ үшін РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған пікірсайыс турнирін ашып берген ОАИУ-нің ректоры т.ғ.к.,профессор Акмалдин Сапардинұлы Қазақстанның әр аймағынан келген дебат қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі.Жалпы екі күннің нәтижесін қорыта айтсақ:
«БІЛІМДІ ҰРПАҚ- КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ» атты Республикалық пікірсайыс турнирінің Бас жүлдесін
Алматы қаласынан келген қатысушылар Нурсипат Нұрсұлтан мен Ахатқызы Бинұр жеңіп алды.
Жүлделі I орын иегерлері Алматылық Сәрсенбаев Архат пен
Шымкент қаласынан Арғынбай Рахатқа бұйырды.
Жүлделі II орын иегері Алматы қаласынан келген қонақтар Өмірзақ Нұрдаулет пен Инкаров Ерғали. Ал, жүлделі
III орын иегері болып Ақтөбелік қонақтар Бетімбай Исламбек және Түркістан қаласының қатысушысы Куспанов Мирас атанды. Бұдан бөлек турнирдің «ЕҢ ҮЗДІК СПИКЕРІ»
номинациясымен Шымкент қаласынан Арғынбай Рахат лайық деп танылса, «ҮЗДІК СПИКЕР» Шымкенттік Азимбай Ардақ,
«Ең үздік төреші» де Шымкенттік Төлбасы Аяжанға бұйырды.
«Үздік төреші» номинациясының иегері Түркістан қаласынан Құлымбек Марал деп танылса, «Үздік Мобилограф» Шымкент қаласынан Аманбай Лаура, «Үздік делегация»
Алматылық қонақтар «Алматы жастар» ипк ұсынылса,
«Үздік клуб» номинациясына Тараз қаласының
«Еркін ойлар алаңы» атты пікірсайыс клубы лайықты деп танылды. Барша қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Share this Post