Біздің оқытушы Халықаралық ғылыми – педагогикалық тағылымдамадан өтті

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты М.И.Акылбаев ағымдағы жылдың 09.03.2022ж.- 11.04.2022ж. аралығында ZOOM платформасы арқылы Франциска Скорина атындағы Гомель мемлекеттік  университетінің «Математика және бағдарламалау» факультетіне қарасты «Алгебра және геометрия» кафедрасында ф.-м.ғ.д., профессор В.С.Монаховтың жетекшілігімен 180 сағаттық ғылыми – педагогикалық тағылымдамадан өтті. 

Аталған ғылыми – педагогикалық тағылымдама қорытындысы бойынша алынған нәтижелерді оқу құралдарын шығару мен жоғарғы деңгейдегі ғылыми мақалалар жариялауға  пайдалануына тілектестік білдіреміз.

Share this Post