Біздің оқытушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Тәжік педагогикалық институтында онлайн-дәрістер өткізді

2022 жылдың 19 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Орталық Азия Инновациялық Университетінің бірнеше оқытушы құрамы Тәжікстан Республикасындағы Пенджикент қаласында орналасқан Тәжік педагогикалық институтына сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында онлайн форматында дәріс оқып, шетелдік әріптестерімен өзара тәжірибе бөлісіп, арнайы семинар сағаттарын өтті. Жалпы іс — шара соңында университет оқытушыларына сертификаттар берілді.

Share this Post