«Басқару және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Бизнес» мамандықтарының апталығы

2021 жылдың 15.11.-19.11. күндері аралығында «Басқару және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Бизнес» мамандықтарының апталығы өз мәресіне жетті.
Арнайы түзілген бағдарлама бойынша апталықтың ашылу салтанаты сәтті басталып, Кафедра ұжымы университетке кіре берістен студенттер мен профессор-оқытушыларды Ұлтық валюта күнімен құттықтады. Одан кейінгі шара «Қазақстан Республикасы Үкіметінің инфляцияға қарсы атқарылған іс-шараларының тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел. Шара барысында маңызды мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. Ал, 18-қараша күні
«Жас экономист», «Жас қаржыгер», «Жас есепші» үйірмелерінің білім алушылары конкурс ұйымдастырды. Бұл сайыс мамандықтардағы білім деңгейін сарапқа салатын өте қызықты өтті. 19-қараша күні мамандықтар бойынша академиялық топтар арасындағы сайыс ұйымдастырылды.Сайыс барысында арнайы әділ қазы алқасына топтардың шығарған қабырға газеттерін бағалау, топтар арасында тағамдар сайысы (тағамының өзідік құнын есептеу және жарнамалау) және мамандықтардан құралған топ студенттерінің өнерлерін тамашалады. Шара соңында университет ректоры т.ғ.к.,профессор А.С.Ажидинов студенттерді құттықтап марапаттады.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>