Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырылды

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университеті белсенді студенттерінің атсалысуымен, қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мәдени – рухани,танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Мәдени шараны ашып берген Дина Бүркітбайқызы әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің маңыздылығын айта келе ЮНЕСКО көлемінде тойланғалы жатқан мерейтойды біздің студенттердің алғашқылардың бірі болып бастағанына ризашылығын білдірді. Кеште А.Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы толық баяндала келе,өмірінің соңғы кезеңін баяндайтын кезеңнен көрініс көрсетілді.Өлеңдері оқылып, білім алушыларға видео сюжет көрсетілді.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>