Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында онлайн сабақ болып өтті

Орталық Азия Инновациялық университеті сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ағымдағы 2021жылдың 28 — желтоқсаны күні Өзбекстан республикасы, Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Куралов Юлдаш Абдуллаевичпен онлайн сабақ жүргізді. Сабақ ZOOM платформасында университетіміздің «математика және информатика» білім беру бағдарламаларының 1 – 2 курс білім алушылары «Python тілінде программа құру. Циклдер» атты тақырыпта өтті.

Нәтижесінде Куралов Юлдаш Абдуллаевке ОУИУ-нің атынан сертификат табысталды.

Share this Post