2021 жылы 29 қараша күні Тұңғыш Президент күні мерекесіне

2021 жылы 29 қараша күні Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Жалпы педагогика  және психология» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы тұлғасы-Елбасы» тақырыбында кітапханада іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты :Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі — өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Білім алушылар Елбасының еңбектерінен кітап көрмесін тамашалап,еңбектерімен  танысты.Сондай –ақ,өлеңдер оқылды,көрініс көрсетіліп,күй тартылып,ән де шырқалды.


 

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>