Кітап-рухани сарқылмас қазына! Кітап дегенде әр

        Кітап-рухани сарқылмас қазына! Кітап дегенде әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса,енді біреу үшін, кітап оқу, өмірінің маңызы, ғылым мен білімге жеткізер жол деп түсінеді.                                                     

Кітап  оқу – білімділікке  баулиды, сабырлыққа, тұрақтылыққа       әдетттендіреді. Өкінішке орай технологиялар дамыған дәуірде, қолына кітап ұстап, парақтап отырған адам кемде кем. Терең ойланып қарасақ, әрбір кітаптың бойында қасиеті, киесі бар. Кітап – оқырманға жеткенге дейін қаншама адамның бейнетін бойына сіңіріп келеді,қаншама адам сізге дейін парақтап, небір ойларға шомады, тылсым дүние дерсің….                    

Педагогика факультетінің деканы Ахмедов Эльдар Мамедұлы өз тарапынан, ОАИУ-ң студенттерін нақты мамандық иесі болып қана  қоймай, көркем мінезді, әдеп иесі, әрбірі  ерекше тұлға болып қаланса деген арманын айтуда.

Студенттерді және ұстаздарды  уақыттарын сапалы пайдаланып, ой өрісін кеңейтіп, жеке тұлғалық қабілеттерін жан –жақты дамыту жолында  әдеби туындыларды оқып, осынау білім ордасының берер мүмкүндіктерін толық пайдалануға  шақырамыз.                                                                                                                                                                                             

            Мыңдаған көркем туындылардың арасынан өзіне беймәлім болған дүниелерді танып, алтын уақытын кызыққа толтырып жүрген оқырмандар саны өсуде. Сізді де күтеміз!!!

Share this Post